4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Білім

Қазақстан бастауыш мектептердің оқу ақысы бойынша әлемде 58-орында

Қазақстан халықаралық бастауыш мектепте білім алу ақысы рейтингінде 106 елдің ішінде 58-ші орынға шықты,- деп хабарлайды Ranking.kz.

Елімізде осындай мектепте оқу ақысы бір жылға 5,6 мың АҚШ долларын құрады.
Ал, ТМД елдерінің арасында халықаралық бастауыш мектепте білім алу құны Ресей мен Беларусьте Қазақстанға қарағанда қымбатырақ, ал Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Украина және Молдовада арзан. Рейтингте ең жоғары баға – Швейцария, Сингапур және Қытайда болса, ең төмен баға – Шри-Ланка, Пәкістан және Бангладеште белгіленген.
Осы жылдың екінші тоқсанында ҚР-да бастауыш білім саласындағы қызметтер көлемі 142,6 млрд теңгені құрады, бір жыл бұрын 107,9 млрд теңге болған еді.
Түркістан облысында бастауыш білім беру саласында ең көп қызмет көрсетілді: 36,3 млрд теңге – бір жыл бұрынғыға қарағанда 28,9% көп.
Одан кейін Алматы (17,5 млрд теңге, плюс 39,8 %) және Жамбыл облысы (17 млрд теңге, плюс 36,1 %).
Осы жылдың тамыз айында балаларды дамыту орталықтары қызметтерінің құны бір жылда 6,5% өсті.
Бағаның өсуі Шығыс Қазақстан (жылына 20,8%-ға), Атырау (14,6% – ға) және Қызылорда (14% – ға) облыстарында байқалды.
Ал, ең төменгі жылдық өсім Шымкентте тіркелді. Шырайлы Шымқалада оқу ақысы бар болғаны 2,7 % қымбаттады.
Айта кетейік, Алматы мен Жамбыл облысында дамыту орталықтары қызметтерінің бағасы бұрынғы деңгейде қалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *