4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Білім

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстаннан барған оқушылар 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады. Бұл робототехника чемпионаты – әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді.

«Еліміздің намысын ұлттық құрама атынан 15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы қорғады. Олардың барлығы FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің жеңімпаздары. Оқушыларымыз 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмей, ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан бөлек, қазақстандық команда басқа елдердің командаларына көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ роботты жасаудағы тамаша инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды. Оқушыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймын!», – деп жазды министр.

Сондай-ақ министр жыл сайын IT-мектептер саны көбейе беретіндігі туралы айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *