Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қазақстанда 4 жыл ішінде 200 мектептен салынады — ҚР БҒМ

2 сентября, 2021
in Басты жаңалықтар, Билік, Қазақстан
0
0
SHARES
16
VIEWS

Бұл туралы Үкімет отырысынан ақпарат тарақтан Премьер-Министр баспасөз қызметі хабарлады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Білім беру саласындағы тапсырмалардың орындалуы туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады.

Бірінші. 1000 жаңа мектеп құрылысы

«Биылғы жылдың өзінде 200 жаңа мектепті іске қосамыз. Келесі 4 жыл ішінде жыл сайын 200 мектеп салынатын болады. Жаңа мектептерді салу  4  негізгі механизм арқылы іске асырылады: мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі; — мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс; жеке мектептер желісін дамыту; модульдік мектептер салу. Жергілікті атқарушы органдар осы 1000 мектепті  салу үшін қажетті жер учаскелерін алдын-ала бөліп, оның интерактивті картасын әзірлеуі қажет. Оған қоса 1500, 2000, 2500, 3000 оқушыға арналған мектептердің заманауи типтік жобаларын дайындап, мектеп құрылысының мониторингі бойынша электрондық порталды іске қосу керек», — деді министр.

Екінші. Жан басына қаржыландыру

Толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру 2023 жылдан басталады. А. Аймағамбетовтің айтуынша, осы шара қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтығын да  шешуге мүмкіндік беретін болады. Барлық қала мектептерін жан басына қаржыландыруға көшірудің оң нәтижесі көрінді. Ол түрлі өңірлердегі мектептерді қаржыландыру көлемін біршама теңестірді, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік беріп, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және білім беру саласына жеке меншік инвестициялар тартуға жағдай жасады.

Үшінші. Педагогтердің біліктілігін арттыру  

Педагогтердің біліктілігін арттыру кезеңінің «үш жылда бір рет» болып қайта қарастыру бойынша, Білім министрі атап өткендей, ол үшін педагогтің кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. Соның аясында «Білім туралы» Заңға қажетті өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ, біліктілікті арттыру ұйымдарын аккредиттеу және білім беру бағдарламаларының бірыңғай тізілімін жасау жоспарлануда. Педагогтер курстармен тегін қамтамасыз етілетін болады.

Төртінші. Олимпиада жеңімпаздарын қолдау

Зияткерлік, шығармашылық, спорттық бағыттар бойынша  халықаралық олимпиадалардың және WorldSkills  жеңімпаздарын қолдау бойынша оларға конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант беру мәселесі заңнамалық түрде реттеледі. Сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында ақшалай бірмезгіл сыйлықтар тағайындау жоспарлануда. Сонымен қатар, жеңімпаздарды дайындаған педагогтер мен тәлімгерлерге біржолғы ақшалай сыйақы беру көзделген.

Бесінші. Бағдарламалау дағдыларын дамыту

«Цифрлық білім» жобасының шеңберінде бағдарламалау мектептерінде оқу үшін жастарға оқу ваучерлері бөлінеді. Ол үшін «Цифрлы білім» жобасы әзірленіп, іске асырылады. «Цифрлық мұғалім» жобасы аясында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қосымша онлайн-сабақтар алу мүмкіндігі ұсынылады. Тиісті заңнамалық түзетулер әзірленді.

«Барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай білім беру ақпараттық жүйесі қолжетімді болады. Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін авторизацияның бірыңғай терезесі, сабақты жоспарлау мен құрудан бастап оқушыны бағалауға және үй тапсырмасын орындауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды», — деді министр.

Алтыншы. «Бағдар» жобасы әзірленуде

Бұл жоба оқушылардың кәсіби диагностикасын, кәсіби бағдар беруді сүйемелдеу, кәсіби сынақтар, сондай-ақ кәсіби бағдардың жаңа тәсілдеріне оқытуды қамтиды.

Жетінші. Жастарды колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз ету

«Жас талап» жобасы аясында жалғасатын болады. «Жас талап жобасы» «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру»  жобасының логикалық жалғасы болады. Біз оны республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру арқылы өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп іске асырамыз. Күтілетін нәтиже – колледждерде оқығысы келетін 9-сынып түлектерін нарыққа қажетті тегін оқытумен толық қамту», — деді министр. 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс кезең-кезеңімен 70 мың орынға дейін ұлғайтылатын болады. Бірінші кезеңде, 2022 жылы колледждерде білім алғысы келетін 9-сынып түлектерінің үлесі 70% құрайды.

Сегізінші. Оқу бағдарламаларын бейімдеу

Инновациялық бағдарламаларды жобалау мен әзірлеу, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңарту, Minor бағдарламалары шеңберінде микровалификациялар беру жұмыстары жүргізіледі. А. Аймағамбетов хабарлағандай, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар артады. Осы мақсатта «Білім туралы» Заңға, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға өзгерістер енгізу ұсынылады.  Яғни, ЖОО үшін лицензиялардың қолданылу мерзімін белгілеу, лицензияларды қайта ресімдеуді тек талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін ұйымдастыру, ЖОО-ларды лицензиядан айыру жөніндегі функцияларды министрлікке беру, ЖОО жабылған жағдайда білім алушыларды ауыстыру бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін құрылтайшылардың жауапкершілігін белгілеу сияқты шаралар қабылданады.

Екіншіден, білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық стандартын қабылдау қажеттігі пісіп-жетілді. Көптеген елдердің ұлттық стандарттары мен сапаны қамтамасыз ету регламенттері бар екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл қолданыстағы заңнама талаптары мен ұлттық мүдделерді ескере отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжат болады.

Тоғызыншы. Ғылымды дамыту бойынша

Ол үшін ең алдымен ғылым туралы заңнамаға ағымдағы жылдың соңына дейін қажетті  өзгерістерді енгізіледі. «Базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың жалақысы енгізіледі. Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру үшін арнайы іріктеу критерийлері әзірленіп, бекітіледі. Гранттық қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту және Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне апелляция институтын енгізу мәселелері шешілетін болады. Министрлік Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін жүйелі және сапалы жұмыс атқарады», — деді білім министрі.

Tags: БілімжолдауҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев
Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында ғана өсетін тау пістесі туралы не білеміз?

Келесі жаңалық

Жетісайда «JETISAI PLAZA» сауда-демалыс орталығы салынады

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025
ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025
АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025
АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Жетісайда «JETISAI PLAZA» сауда-демалыс орталығы салынады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz