4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Білім

Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылады

Еліміздің мектептерінде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылып, 35-36 аптаға созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде болған аппарат жиналысында айтылды, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

Ведомство сайтындағы мәліметке сәйкес, жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды. Осылайша, Қазақстанда мектеп оқушыларының каникул кестесі келесідей болады: күзгі каникул – 2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығы (7 күн); қысқы каникул – 2022 жылғы 31 желтоқсан – 2023 жылғы 8 қаңтар (9 күн); көктемгі каникул – 2023 жылғы 18 наурыз – 26 наурыз (9 күн); бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар – 2023 жылғы 6 ақпан – 12 ақпан (7 күн); жазғы каникул – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін (үш ай). Айта кету керек, оқу жылын ұзарту туралы заң жобасы “Ашық НПА” порталында талқыланды, ол тамыз айының алғашқы күндеріне дейін жалғасты. Министрлік бұған дейін сарапшылардың оқу жылын маусымның соңына дейін ұзарту және оқу жылын 20 тамыздан бастау мүмкіндігін қарастыруды бірнеше рет сұрағанын атап өткен. Қазақстандық мектеп оқушылары әлем бойынша ең ұзақ демалатындар қатарында, елімізде каникул күндерінің жалпы саны – 130 күн.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *