Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар күрт қымбаттады

Ақша айырбастау орындарында доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы өсті. Доллар бағамын Kurs.kz деректерінен көруге болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде сағат 11.40-тағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы – 481,4 теңге, сатып алу – 474,1 теңге.

Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде сату – 478,9 теңге, сатып алу – 474,1 теңге.

6 шілдеде Алматыда доллар 472-474 теңгеге, Нұр-Сұлтанда 468-472 теңгеге сатылған болатын.

Айта кетейік, доллардың 7 шілдедегі ресми бағамы – 469,26 теңге.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *