4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН
Қоғам

ШҚО-дағы өртті сөндіру үшін қосымша күш тартылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дала өрті тұтанып, өрт сөндірушілер кешеден бері тілсіз жаумен күресіп жатыр,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар осы уақытқа дейін қызыл жалынмен күресуде. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенетін болсақ, 9 тамыз күні Күршім ауданында шамамен 14:00 шамасында шөп өртене бастаған. Өрт ұшқыны лезде тарап, 40 га аумаққа дейін шарпыған. Қызыл жалынды толықтай сөндіруге қатты жел мен аталған жердегі техника қозғалысының қолайсыздығы кедергі келтіруде.

«Бүгін таңертең Өскемен қаласынан тағы 20 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жеке құрамнан 14 адам мен 3 техника, Қаратоғай бекініс пунктінен 5 адам мен 1 автоцистерна, Урунхай орман шаруашылығынан 6 адам мен 1 техника, Боран орман шаруашылығынан 5 адам мен 1 техника және жергілікті атқарушы орган мен тұрғындардан 25 адам тілсіз жаумен күресіп жатыр», – делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *