4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Cаясат

Шекара мәселесі тату көршілік негізінде тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия – Ресей» саммитінде жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасында шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аталған мәселелерді қарастыру үшін сараптамалық алаң құруды ұсынды.

Айта кетейік, елордада «Орталық Азия-Ресей» саммиті басталды.

Жоғары деңгейдегі кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері келді, олар алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *