Шардаралық Қыдырғали Оңғарбаев Түркияда 6 тамызда өткен East vs West халықаралық турнирінде армрестлингтен аты аңызға айналған, әлемнің 26 дүркін чемпионы америкалық Джон Брзенкті жеңді, – деп хабарлайды turkistanzaman Tengrinews.kz тілшісі Shardara.armsport сайтына сілтеме жасап.
Онғарбаев 3-1 есебімен жеңіске жеткен. Тағы бір жерлесіміз Сарыбай Ердәулет қарсыласы – әлемнің бірнеше дүркін чемпионы түркиялық Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.