Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлем

Украина мен Ресей келіссөз жүргізіп жатыр

Украина мен Ресей келіссөз жүргізіп жатыр
1 марта, 2022
in Әлем
0
0
SHARES
6
VIEWS

Беларусьте Украина мен Ресей ресми өкілдерінің келіссөз жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, Чернигов пен Сумы қалалары Ресей әскерінің қоршауында. Ал, сепаратистер Мариупольға жылжып келеді. Қазір түскен ақпарат бойынша, Харьковты жаппай бомбылау нәтижесінде, ондаған бейбіт тұрғын қаза болды. Оның ішінде балалар да бар.

Беларусьтегі келіссөздерде Ресей атынан барған делегацияны Президент көмекшісі Владимир Мединский мен мемлекеттік Думаның халықаралық комитетінің басшысы Леонид Слуцкий бастап барды. Ал, Украина атынан Қорғаныс Министрі Александр Резников, «Слуги Народа» фракциясының басшысы Давид Арахамия және Президент кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк бастап барды. Ал, беларусь телеарналарының бірінің ютуб парақшасындағы тікелей көрсетілімді 500 мыңға жуық адам тамашалап отырған. Алайда белгісіз біреулердің талабынан кейін ол тоқтатылды. Ал Беларусь сыртқы істер министрі өз президентінің сәлемдемесін жеткізді.

Владимир Макей – Беларусь Сыртқы істер министрі:
«Сіздер ештеңеге алаңдамай өз жұмыстарыңызды атқара аласыздар. Ал, ол үшін барлық қажетті жағдайды жасау – біздің парызымыз. Президентіміз және барлық беларусь халқы бүгінгі келіссөздерде қалыптасқан дағдарыстан шығу жолдары табылатыны үшін дұғада болады».

Келіссөздерге қарамастан, Ресей шабуылы толастар емес. Черниговта Ресей әуе-ғарыш күштері мұнай базасын атқылаған. Ал, Донецк Халық Республикасының басшылығы Мариупольды басып алу үшін барын салуда. Ресей және Беларусьпен шекаралас Чернигов қаласына кірген әскери лекті жергілікті тұрғындар көсе-көлдеңең тұрып алып, кері шегінуге мәжбүрлеген.

Бұл соғысқа байланысты Еуропалық Одақ тарихи қадам жасады. Брюссельдің ресми өкілі Жозеп Боррельдің хабарлауынша, Украинаға құны 450 млн еуро көлемінде әскери көмек көрсетіледі. Оның ішінде танкке қарсы ракета кешендері мен су жаңа ұшақтар бар. Сонымен қатар, АҚШ-та «Стингер» зымыран кешендерін тасымалдауды жандандырды.

Жозеп Боррель – Еуропалық одақтың бас өкілі:
«Бүгін Еуропалық Одақ басты тыйымын аттап өтуге мәжбүр болды. Бұған дейін Одақ ешкімге қару-жарақ бермеген. Енді біз агрессорды тоқтату үшін осындай қадамға барып отырмыз. Соғыс Еуропаның ішінде жүріп жатыр. Біз кішігірім, оқ-дәрі ғана емес, ұшақтар, зымырандар жеткізіп береміз».

Еуропа Ресейдің агрессиялық қадамдарына қарсы толықтай бірікті деуге де негіз бар. Себебі, Екінші Дүниежүзілік Соғыста бейтарап болған Швецияның өзі НАТО ресми жиынына өткен аптада қатысып қана қоймай, Украинаға әскери көмек беру туралы шешім қабылдады. Ал, күні кеше Ресей әскери кемелерін Қара Теңізде өткізбейміз деген Түркия өз шешімін өзгертті. Оған сәйкес ресми Анкара халықаралық теңіз құқығын сақтауы тиіс.

Tags: Turkistanzaman.kzУкраина мен Ресей келіссөз жүргізіп жатыр
Алдыңғы жаңалық

Украина-Польша шекарасынан 241 қазақстандық өтті

Келесі жаңалық

Еліміздің қор биржасында доллар 495 теңгеге дейін өсті

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

13 мая, 2025
Өзбекстанда да жер сілкінісі болды
Басты жаңалықтар

Өзбекстанда да жер сілкінісі болды

5 марта, 2024
Қазақстан

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

17 октября, 2022
Әлем

2023 жыл ТМД-да орыс тілі жылы болып жарияланбақ

14 октября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық
Еліміздің қор биржасында доллар 495 теңгеге дейін өсті

Еліміздің қор биржасында доллар 495 теңгеге дейін өсті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz