Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

Төрағалықты қабылдап алды

29 сентября, 2021
in Cаясат
0
0
SHARES
20
VIEWS

Қазақстан Түркі елдері Парламенті Ассамблеясына төрағалық ететін болды. Бұл мәртебені Түркістанда өткен аталған ұйымның кезекті отырысында Әзірбайжан елінен қабылдап алды. Алқалы жиында Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы және Түркияның парламенттік делегациялары қатысты. Бұл бас қосудың еліміз үшін маңызы қандай? Нұрлан Сұлтанбек баяндайды сабақтайды.

«Түркі парламентаралық ынтымақтастығының көкжиегі». ТүркПА-ның X пленарлық отырысы дәл осы тақырыпта өтті. Бұл ұйымға енді Қазақстан төрағалық ететін болады. Жиында Елбасы мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  құттықтау хаты оқылды.  Онда бауырлас халықтың  бірлігін бекемдеп, түркі елдерінің халықаралық аренадағы рөлін күшейту керегі айтылған.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

«Біз жаңа тәуелсіз мемлекеттер өз тарихының бастапқы күндерінен-ақ түбірі ортақ тіл, мәдениет пен салт-дәстүрге негізделетін, сондай-ақ барлық бауырлас елдерге дәнекер болатын ерекше байланыстың бар екенін анық түсіндік. Дегенмен, алдымызда жаңа маңызды мақсат-мұраттар тұр. Олардың барлығына да қол жеткізетінімізге сенімдімін. Бұл ретте, түркілердің кең байтақ даласында өзара ықпалдастықты дамыту үшін әрдайым ерік-жігер мен батылдық танытып отыруымыз қажет. Түркітілдес мемлекеттердің парламентшілері осы бір күрделі іске өзінің елеулі үлесін қосатынына кәміл сенемін. Жалпы, түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысы халықтарымыздың өзара достығы мен әрекеттестігін одан әрі нығайтуға қосымша серпін береді деп ойлаймын»

Ақ тілектен соң, күн тәртібіндегі мәселеге көшкен Нұрлан Нығматулин  түркі әлемінің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруға серпін беретін «Түркі келешегі – 2040» стратегиялық құжатын әзірлеу екенін айтты.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

«Жана ғана біз кеңесте ТҮРКПА-ның модельдік заңдары туралы ережесін қабылдадық. Сонымен бірге біз ТҮРКПА заң жобалау қызметін 2022-2027 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлейтін боламыз»

Отырыс барысында қауіпсіздік жағдайына ерекше назар аударылды. Бұл бағытта, әсіресе Ауғанстандағы қазіргі жағдай алаңдатып отыр. Бұдан бөлек, киберқауіпсіздік, электрондық сауда, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану мен кинематография мәселелері де қозғалды. Алқалы жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген ТҮРКПА іс басындағы төрайымы Сагиба Гафарова, ассамблея жұмысына жаңа серпін беретініне сенім білдірді

Сагиба Гафарова, ТҮРКПА іс басындағы төрайымы:

 «ТүркПА -да мәдениет, білім, экономикалық ынтымақтастық, заңнама және халықаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын төрт комиссия бар.  ТүркПА сонымен қатар Парламентаралық Одақпен, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымымен және басқа да бірқатар халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық орнатқан.Бұл ел арасныдағы үлкен сенімнің жемісі»

Жиын соңында Түркістан декларациясы қабылданды. Бұл тарихи құжат бүкіл түркі елдерінің атажұрты Түркістанда өткені – өзара достыққа, туыстыққа, сыйластыққа жаңа серпін бермек. Айта кетсек, Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясы 2008 жылғы 21 қарашада Стамбул қаласында құрылған еді.

Түйін: «Ассамблеяның атауы түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясынынан Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы деп өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Түркі Кеңесінің отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы, ТүркПА-ның негізін қалаушы, түркі Кеңесінің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осы Кеңесті толықтай халықаралық ұйымға өзгерту туралы бастама көтерген болатын. Палата Спикерінің айтуынша, алдымызда қараша айында Ыстамбулда өтетін Түркі Кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшылары тиісті шешім қабылдайды деп күтілуде.

Tags: елбасыНұрлан НығматуллинПарламенттік Ассамблеятүркі елдері
Алдыңғы жаңалық

Ет тісімізге емес, түсімізге кіруі мүмкін...

Келесі жаңалық

Этностық құрамы әралуан өңір бірлік пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп отыр

Ұқсас жаңалықтар

Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
Cаясат

Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады

21 ноября, 2025
Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады
Cаясат

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

28 мая, 2025
Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады
Cаясат

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

23 мая, 2025
Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Этностық құрамы әралуан өңір бірлік пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп отыр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz