Төлеби ауданының тұрғыны күркетауық өсіруде

Төлеби ауданының тұрғыны құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Кәсіпкер осы мақсатта өз кәсіпорынын іске қосып, бүгінде 5,6 гектар жеріне 1000 бас күркетауық өсіруде.
Кәсіпкердің айтуынша, құс шаруашылығы – қазіргі кездегі ең табысты кәсіптердің бірі. Күркетауық өсіру – оңай әрі пайдалы іс. Құсты күтіп-бағу үшін таза ауа, нәрлі тағам мен таза су болуы керек. Сондай-ақ, үй жағдайында күркетауықты ұстауға арналған аймақ үлкен болғаны жөн дейді. Себебі, күркетауық ашық кеңістікте өмір сүруді жаны сүйеді,-дейді шаруа.
Айта кетейік, бүгінгі күні шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде 15 адам еңбек етеді . Алдағы уақытта күркетауық санын арттырып, күркетауық етін өндіру жоспарда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *