4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Әлем

Ауғанстанның әскери ұшағы Өзбекстан территориясына құлады

 

Өзбекстанның Сурхандария облысында Ауғанстан белгісі бар ұшақ құлады,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.

15 тамыз күні кешке Ауғанстанның белгісі бар ұшақ Сурхандария облысының Шерабад аумағында апатқа ұшыраған. Бұл туралы «Gazeta.uz» мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда желіде апатқа ұшыраған ұшақтың бөліктері мен құрбанның фотосуреттері мен видеосы тарады.

Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жағдайды растады. Дереккөздерге сүйенсек, 2 ауған әскери қызметкері ауруханаға жатқызылған.
Сонымен қатар, ұшақтағылар парашютпен секіріп үлгерген.

14 тамыз күні Өзбекстан шекарадан өткен 84 ауған әскери қызметшісін уақытша қабылдап, оларға медициналық көмек көрсеткен.

Айта кетейік, күні кеше Ауғанстан президенті Ашраф Ғани отставкаға шығып, елден кеткен болатын. Осыдан соң тәліптер Кабулға кіріп, президенттік сарайды басып алған еді. Және де олар енді мемлекеттің бұрынғы атауын қайтарылатынын жарияламақшы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *