4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қазақстан

Түрікменстан мен Қазақстанды жалғайтын көпір салынады

Түркменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы жолының бір бөлігі саналатын Гарабогаз шығанағы арқылы жаңа автомобиль көпірі салынады, деп хабарлайды turkimenzaman Хабар24 телеарнасы Түрікменстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телеарна мәлім еткендей, құрылыстың басталуына қатысқан Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов аталған көпір елдер арасындағы тауар айналымын жақсартуға және Еуропаға жолды қысқартуға бағытталғанын атап өткен. Жоспар бойынша Түркменбашы–Гарабогаз–Қазақстан шекарасы автомобиль жолының бойында демалыс базалары, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету орталықтары, автобус аялдамалары салынатын болады. Құрылыс 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп күтілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *