4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Қоғам

Түркістан – өнерлі өңір

Еліміздің музыкаға жақын аймағы қайсы? Ұлттық статистика бюросы осындай сауалнама жүргізді. Нәтижесіндн, Түркістанның ең өнерлі өңір екені анықталды.Облыс тұрғындарының 10 пайызында домбыра, 5 пайызында гитара, 2 пайызында клавишті аспап бар екен. Зерттеуге 11 700 отбасы қатысқан.

Артықбаевтар әулеті Түркістанда өте танымал. Себебі, кез-келген той-думанның көрігін қыздыратын өнерлі отбасы. Ансамбль 1994 жылы құрылған. Отағасы Марат Артықбаев гитарист, ал отанасы Жанар Абажанова жетігенде шебер ойнайды.

Қыздары да өнерден құр алақан емес. Тұңғышы дәстүрлі бағыттағы, екіншісі эстрадалық әндерді шырқайды. Ұлжалғас Қалыбай вокалдан бөлек гитара үйреніп жүр. Ал, сүт кенжесі Балнұр анасына ұқсап жетіген шертеді. Өнер жарыстарынан ешқайсы да жүлдесіз қайтпаған.

Жанар ханым өзінің білгенін кейінгіге үйретуде. 12 шәкірт тәрбиелеп отыр. 2 жылдың ішінде 10-ға жуық шығарма үйренген.

Оңтүстік өңірінде кейіпкеріміз секілді өнерлі отбасылар көп. Айтпақшы, ұлттық статистика бюросы елімізде қай өңірде музыкалық аспап бар екенін зерттеу жүргізген. Сөйтсе, Түркістан облысындағы әрбір оныншы үйде тым құрығанда бір домбыра болмаса, клавишті бір аспап болады екен. Бұл жағынан алдыңғы орында. Ал, маңғыстаулықтардың шаңырағында гитара көп екен. Одан кейінгі орында Түркістан тұр. Үздік үштікті Атырау облысы түйіндейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *