4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазақстан

Түркістан: Облыс мектептері жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта өткізеді

 

Түркістан облысында жаңа оқу жылындағы оқу процесі дәстүрлі форматта өткізіледі,-деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов. Қазіргі таңда  осыған байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда.

-«Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынды. Атап айтсақ, білім ордалары қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, мекемелер «Ashyg» жүйесіне  қосылды, сондай-ақ, ұстаздардың 85 %-дан астамы, техникалық қызметкерлердің 96 % вакцина салдырды. Сәкен Амангелдіұлының айтуы бойынша, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 100%-ға жетеді.

Бұдан бөлек, жаңа оқу жылында оқушыларға бірыңғай мектеп формасын кию талап етілмейді. Алайда, мектеп формасы класикалық үлгіге сай болуы тиіс.

Жаңа оқу жылына жалпы саны 2 млн. 250 мың дана оқулық сатып алуға 4,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бүгінде баспаханалармен оқулықтарды сатып алу және тасымал бойынша келісім-шарт жасалды. Оқу құралдарын мектептерге жеткізу жұмыстары 25 тамызда толығымен аяқталады. Жаңа оқу жылында 927 күндізгі орта білім беру ұйымында 516 740 оқушы оқиды деп күтілуде. Биыл ата-аналардың өтінішімен 47 266 бала 1 сыныпқа қабылданды.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүруде. Оның 70-і облыстық бюджеттен, 8-і «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен іске асырылуда. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынуда.

Естеріңізге сала кетсек, облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар. Биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілсе, қалған мектептердің мәселесін 2023 жылға қарай шешу жоспарланған.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *