Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

Түркістан облысында 1 млн га жайылымдық жер мемлекетке қайтарылады

Түркістан облысында 1 млн га жайылымдық жер мемлекетке қайтарылады
25 июля, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
11
VIEWS

Жыл басынан Түркістан облысындағы елді мекен тұрғындары 325,5 мың гектар жайылымдық жермен қамтылды. Жалпы өңірде 1 млн гектар жерді қайтару міндеті қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1012,0 мың гектарға ұлғайту жоспары әзірленіп, елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету бойынша әр айға жоспар кестесі бекітілген. Бүгінгі күні бұл жұмыстар екі бағытта жүзеге асырылуда. Бірінші бағыт бойынша мақсатына сай пайдаланылмаған 405,2 мың гектар жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделсе, екінші бағыт бойынша ірі жер пайдаланушылармен меморандум арқылы 606,8 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Ал бүгінде 58,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, меморандум арқылы 267 мың гектар жайылым елге берілді. Сонымен қатар 2021 жылы құрылған жұмысшы топ тарапынан аудан, қала әкімдіктері бойынша жайылым жер учаскелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 476,2 мың гектар жер мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталып, хабарлама берілген. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жайылым жерді елге қайтару жұмысы жалғасатынын жеткізді. «Жайылым қорын молайту – өте маңызды әрі жауапты мәселе. Аудан әкімдері жауапты басқармалармен бірлесіп жұмысты жалғастыруы тиіс. Біздің меже – бір миллион гектар жайылымды қайтару. Қазірдің өзінде 30 пайызы қайтарылып үлгерді. Меморандум арқылы жақсы жұмыс атқарылып жатыр. Жердің иелері жайылымға мұқтаж жандар өздерінің ауылдастары екенін түсінуі тиіс. Игерілмей жатқан жерді ешкім бос қалдырып қоя салмайды. Әр ай сайын осы мәселе аппарат отырысында күн тәртібіне енгізіліп тұрсын. Жайылым мәселесі тікелей қадағалауда болады», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Tags: жайлаужайылымЖермалТүркістан
Алдыңғы жаңалық

Әлемде жарты миллиардтан астам адам коронавирус жұқтырды

Келесі жаңалық

Ұқсас жаңалықтар

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
Uncategorized

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

26 октября, 2025
Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда
Uncategorized

Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда

26 октября, 2025
АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Uncategorized

АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

26 октября, 2025
САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!
Uncategorized

САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!

26 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz