4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Аймақ

Түркістандық тұрғын егін шаруашылығына қолайлы құрал ойлап тапты

Түркістандық тұрғын егін шаруашылығына қолайлы құрал ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Жолбасшы елді мекенінің тұрғыны Ырысдәулет Тәңірбергенов қолмен тұқым егу құрылғысын ойлап тапты. Қолдан құрастырылған құрал он адамның жұмысын атқаруға қауқарлы. Сондықтан, диқандардың уақыты мен шығынын үнемдейді.

«Бұл құрылғы негізінен қырыққабат ұрығын жылыжайға егуге арналған. Біз жақта көпшілік ерте көктемнен қырыққабат егеді. Жұмысқа сұраныс қараша, желтоқсан айларында көбейеді. Құрылғымыз өте ыңғайлы. Бір дәннен артық жібермейді. Қазір қолданыста 4 түрі бар, ауқымына қарай тапсырыс қабылдай береміз, –дейді Ырысдәулет Тәңірбергенов.

Шаруа құралдың алғашқысын осыдан 5 жыл бұрын жасап шыққан. Жобасы нәтиже көрсеткен соң жан-жақтан сұраныс түсе бастапты. Әсіресе, егін шаруашылығымен айналысатын Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандарынан тапсырыс беріп, жасататындар көп.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *