Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

Түркістанда кәмелет жасқа толмаған балалардың жұмыс істеуі көбейген

9 июня, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
23
VIEWS

Жұмыс істейтін балалардың саны артқан. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі соңғы төрт жылда 8,4 млн-ға өскен. Мамандар елімізде де  балалар еңбегін пайдалану үйреншікті жағдайға айналып бара жатқанына алаңдайды. Өйткені жазғы демалысқа шыққан оқушылардің бір бөлігі мейрамханалар мен көлік жуу орындарында, орталық базарда напақа тауып жүр. Баланы балалық шағынан айырып, қара жұмысқа жіберу мәжбүрлік пе? Кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынған жұмыстар қандай? 

Түркістандағы жерасты жолында бұл жеткіншектер салмақ өлшеп, қызмет көрсетуді кәсіпке айналдырған. Күндіз де кешкі уақытта да олар осы жерден шықпайды. Біз де жасырын камерамен  балалардың бұл қызметін сыртынан түсіріп, әңгімеге тартып көрдік. Кейін базардың әр нүктесінде напақасын тауып жүрген біраз баланы байқадық. Ал кейбір жоғары сынып оқушылары еңбек жолын даяшылықтан бастаған.

Кәмелет жасына толмаған даяшы:

— Негізі сол даяшы болып жұмыс істеймін. Жинаған ақшамды қажеттіліктеріме жұмсаймын.

Елімізде оқушыға жұмыс істеуге болмайды деген заң жоқ. Жұмыс істеп не қызмет көрсету арқылы табыс табуға болады. Тек бір ғана шарт, ата—ана не қамқоршысының келісімі арқылы ресми жұмысқа тұруы керек. Есесіне заң камелетке толмағандардың еңбек құқығын айрықша қорғайды.

16-18 жас аралығындағы балалар аптасына 36 сағаттық жұмыс істей алады. 14-16 жастағы балалар  аптасына 24 сағаттық жұмыс істей алады. Ішімдік өнімдерін тасымалдайтын орындар мен түнгі ойын-сауық мекемелерінде және түнгі ауысымда балаларға жұмыс істеуге мүлде болмайды.

Дегенмен облыста бала еңбегін қанауға қатысты шағым түспепті. Мұны еңбек инспекторлары айтып отыр.

Қамбар Асылбеков, Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы:  

— Ондай арыз шағымдар түсіп жатқан жоқ. Қолданыстағы заңға сәйкес тек арыз түскен жағдайда ғана жоспардан тыс тексере аламыз. Мараторий 2023 жылдың 1-ш іқаңтарына дейін. Тек арыз болса ғана тексеріс жүргізе аламыз.

Баланы еңбекке баулу мен бала еңбегін қанау деген екі түрлі ұғым дейді әлеуметтанушы. Тіпті оқушы өзінің сыныптастарының алдында беделін көтергісі келеді. Тағы бір әсер етуші фактор балалар көбіне жоқшылықтың, кедейліктің кесірінен жұмысқа жегіледі.

Нұрдаулет  Ниязов, әлеуметтанушы: 

— Балалардың қажеттеліктерін өтеуге ата-аналардың табысы жетпейді.

Қысқасы, жұмыс істейтін бала да көп, жұмыс ұсынатын адам да көп. Тек екеу ара заңды шарт жасаса болғаны.

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістандағы туризм университетінің жабылуы ата-аналар арасында дау тудырды

Келесі жаңалық

Дана Нұржігіт: «Әйелдердің зейнетке шығу жасын - 58 жас деп белгілеуіңізді сұраймын»

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Аймақ

Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады
Аймақ

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Дана Нұржігіт: «Әйелдердің зейнетке шығу жасын — 58 жас деп белгілеуіңізді сұраймын»

Дана Нұржігіт: «Әйелдердің зейнетке шығу жасын - 58 жас деп белгілеуіңізді сұраймын»

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz