4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Билік

Тоқаев Түркістанға рухани-тарихи астана мәртебесін беруді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевТүркістан облысының жұртшылығымен кездесуде Түркістанға рухани-тарихи астана мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Президенттің айтуынша, Түркістанда есімдері қазақ тарихына алтын әріптермен жазылған көптеген көрнекті тұлғалар жерленген. Ал өткен жылы қалаға “түркі әлемінің рухани астанасы” атағы берілді.

“Бұл қасиетті қаланы біздің рухани-тарихи астанамыз деп атаған дұрыс болар. Сондықтан жақын арада үкімет Түркістанға осындай мәртебе беру туралы мәселе бойынша тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Тоқаев түркістандықтармен кездесуде Қазақстанға ресейліктердің көп келуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *