4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазақстан

Тоқаев Сеулде Абай Құнанбайұлына қойылған бюсттің ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы Сеулдағы Кибер университеттің аумағында ашылған ұлы Абай бюстінің ашылуына қатысты,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

«Сеул төрінде қазақ халқының ұлы перзенті, ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылды. Бұл – корей бауырларымыздың қазақ халқына деген зор құрметінің белгісі», – деді Қазақстан Президенті.

Бюсттің жобасы елімізде дайындалып, тұтас мүсіні Кореяда қоладан құйылды. Аталған игі бастаманың Қазақстан мен Корея Республикасының достығын нығайта түсетіні сөзсіз. Абай бюстінің білім ордасының ауданында орналасуы да бекер емес.

«Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Сондықтан, Абайға арналған бюсттің білім ордасына қойылуы орынды шешім екені сөзсіз. Мұның символдық мән-маңызы айрықша. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық»,- деп атап өтті ел президенті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *