4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Билік

Тоқаев пен Ердоған Транскаспий дәлізін дамыту мәселесін талқылады

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу керек. Бұл туралы Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін шағын құрамда болған келіссөзіміз бауырластық рухында өтті. Сізбен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелерді талқыладық. Ықпалдастықтың басым бағыттарына тың серпін беруге келістік. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын атап өттік. Енді алдымызда тұрған мақсат – сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға қарата.

Мемлекет басшысының дерегінше, Анкара соңғы 15 жылда Қазақстанға 4,35 млрд доллар инвестиция құйды.

Ал Қазақстан Түркияға 1,13 млрд доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында тұр.

«Жалпы, екіжақты сауда-саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік тасымал бағыттары маңызды рөл атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін Транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз. Бұл мәселе бойынша біз бүгін пікір алмастық. Көзқарасымыз бірдей», – деді ҚР Президенті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *