Тоқаев ешқандай партияның құрамында жоқ бола тұра сайлауға қатыса ала ма?

Президент сайлауына ұсынылатын үміткердің партия мүшесі болуы міндетті емес. Әділет министрі Қанат Мусин Мәжіліс кулуарында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.
“Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлауға үміткер ретінде қатысатынын айтты. Оның “Amanat” партиясының құрамында жоқ екені белгілі. Заң бойынша азамат өзін-өзі ұсына алмайды. Сонда ол сайлауға қандай жолмен түседі?” – деп сұрады БАҚ өкілі.
Министрдің айтуынша, Президент сайлауына үміткерді саяси партия ұсынуы үшін оның сол партияның мүшесі болуы міндетті емес. Алдағы президент сайлауына қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын өзі мүше емес партиялар да ұсына алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *