Токио-2020: Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты

Еркін күрестен 74 келідегі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов ширек финалдық бәсекесін өткізді.

Отандасымыз ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенді 8:5 есебімен жеңді.

Енді жартылай финалда Данияр Қайсанов әлем чемпионы, Заурбек Сидаковпен (Ресей) кездеседі.

Бұл жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де өтеді..

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *