Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

20 жыл ішімдіктен бас тартқан

20 жыл ішімдіктен бас тартқан
16 августа, 2022
in Аймақ
0
0
SHARES
11
VIEWS

Солтүстік Қазақстан облысындағы Теңдік ауылының тұрғындары 20 жылдан бері алкогольді ішімдіктерді қымыз бен өзге де пайдалы сусындарға алмастырған. Тұрғындардың сөзінше, мұнда дүкендерде арақ-шарап сатылмайды. Ал бос уақыттарын барынша пайдалы өткізуге тырысады, деп хабарлайды turkistamzaman Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

Ләззат Алпысова бірнеше жыл бұрын күйеуі және 4 баласымен бірге Теңдік ауылына көшіп келген. Бастапқыда ауыл тұрғындарының алкоголь тұтынбайтынын естіген ол сенбегенін жасырмады.

«Біз ұжымдағы қыздармен бір-бірімізге кешке шәй ішуге барамыз. Ауылда төртінші жыл тұрып жатырмын. Бірақ алкоголь ішкен адамдарды кездестірген жоқпын», – деді ауыл тұрғыны Ләззат Алпысова.

Ауылда 300-ге жуық адам тұрады. Ерлер жергілікті кәсіпорындарда еңбек етсе, әйелдер үй шаруасында. Мұнда барлығының жеке шаруашылығы бар. Ал бос уақыттарында футбол ойнап, балық аулайды екен.

«Алкогольсіз жақсы өмір сүреміз. Бос уақытта үй шаруашылығымен шұғылданамыз. Кешке футбол ойнап, жақын маңдағы өзеннен балық аулаймыз. Мен өзім ешқашан ішіп көрмегенмін, көргім де келмейді», – деді ауыл тұрғыны Қуат Шәріпов.

«Арақ – бақытсыздықтың басы. Бақыт бұл – жұмысың мен отбасың», – дейді ауыл тұрғыны Сара Адентаева.

Ал ауыл әкімі мен жергілікті учаскелік полицейдің сөзінше, ауылда қылмыс мүлде болмайды.

«Теңдік ауылында спирттік ішімдіктер 2002 жылдан бері сатылмайды. Ақсақал мешіт салып, осындай алкогольден бас тартуды ұсынды. Сол кезден бері дүкендерде алкогольді ішімдік сатылмайды, ешкім іщпейді. Егер той болса, қымызға тапсырыс береді», – деп мәлімдеді Теңдік ауылдық округының әкімі Ержан Қасқұлақов.

«Мұнда ішімдік сатуға тыйым салынбаған. Ауыл тұрғындарынан сұраныс жоқ. Кәсіпкерлер, дүкен иелері де мұны қолдайды. Сондықтан оларда алкогольді өнімдер сатуға арналған лицензия жоқ», – деді учаскелік полицей Жамбыл Қайыров.

Ал жергілікті дүкен сөрелерінде арақ-шараппен бірге темекі де жоқ. Дегенмен кәсіпкерлердің сөзінше, дүкенде басқа да өнімдер сатылады.

«Спирттік ішімдіктерді сұрамайды да. Кейде сырттан келгендер сұрауы мүмкін. Бірақ «Неліктен алдайсыздар, арақсыз дүкен бола ма» деп айтады», – дейді кәсіпкер Бақытгүл Бекетова.

Алдыңғы жаңалық

Түркістандық Аделаида Пчелинцева Ислам ойындарында жүзуден чемпион атанды.

Келесі жаңалық

Министрлік дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді

Ұқсас жаңалықтар

Аймақ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

30 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025
Келесі жаңалық
Министрлік дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді

Министрлік дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz