4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Білім

Министрлік дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрлігі дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды turkistanzaman Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, транзиттік көлік пен шекара периметрі бойынша дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасы әзірленді.

“Бұйрық жобасына сәйкес:

Жүргізуші куәлігі болған жағдайда күніне лимит 100 литр дизель отыны үшін қазіргі бағамен 1 литріне 230-260 теңге, сондай-ақ жүк көлігі үшін, егер жүргізуші куәлігі және көлік құралының Қазақстанда тіркелгенін растайтын тіркеу куәлігі мен құжаттары бар болса, тәуліктік лимит 300 литр болады.

Басқаларға көрсетілген көлемдерден артық дизель отыны үшін 1 литрі 450 теңгеден сатылады.

Бұйрық жобасы 18 тамызға дейін Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтына онлайн талқылау үшін орналастырылды”, – делінген хабарламада.

Дизель отынына деген сұраныстың қалыптасу мәселесін шешу үшін барлық ресурс, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және автожанармай құю станцияларына бөлінеді. Екінші кезекте, қалған жанар-жағармай өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Қазақстан темір жолына бөлініп, жетпеген жағдайда қажетті көлем импортталады.

“Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге белгіленген баға 1 тоннаға 222 мың теңгені (литріне 184 теңге) құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барлық жоспарланған көлем толық орындалады”, – деп түйіндеді
Б. Ақшолақов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *