Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Спорт

Спорт алаңдары тапшы

Спорт алаңдары тапшы
5 апреля, 2022
in Спорт
0
0
SHARES
16
VIEWS

Елімізде спорт алаңдары тапшы. Бар спорттық ғимараттың өзі талапқа сәй келмейді деп мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев дабыл қақты. Айтуынша, елді мекендерде 1 млн шаршы метрден аса спорт залға деген қажеттілік бар. Спорт кешендерінен ада өңірлер қатарын Түркістан облысы бастап тұр. Бұдан өзге 3 мегаполисте де жағдай осындай.

Отырар ауданындағы Қоғам ауылының жалғыз спорт алаңшасы бар екен. Аты бар, заты жоқ алаңда ойнамақ түгілі, адымыңды аңдап басасың дейді бейнетаспа иесі

Тұрғын:
«Осы алаң ашылғанына 2 жыл болды. Доп қуалап ойнап жүрген ешкімді көрген жоқпыз. Ешқандай жағдай жасалмаған .Қақпасының сиқы мынау темірден өрілген. Сетка емес. Түнде ешқашан жарығы жанбаған. Айдалада орналасқан. Жолы нашар».

Қанат Жолдықараев – Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
«Барлық елді мекен спорт алаңдары мен спорт залдармен толық қамтамасыз етілген».

Спорт басқармасының басшысы дәл осылай спортты дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарын баяндады. Қоғам ауылындағы келте алаңның жайжапсарын сұрап едік, бірден айтқан сөзінен тайқып аудандық әкімшілік пен ауа райын кінәлады

Қанат Жолдықараев – Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
«Бұл бізге қарамайды. Жергілікті әкімшілікке осы бойынша өтініш хат жіберейік. Қолға аламыз. Үсті шық болған соң ауа-райының да әсері бар».

Спорт алаңшасының тапшылығын министр Дәурен Абаев та үкімет отырысында тілге тиек етті. Елімізде 37 % спорттық мекемелер жетіспейді. Айтуынша, аталмыш нысандардың кейбірі өз мақсатына пайдаланылмайтын болған

Дәурен Абаев – ҚР Мәдениет және спорт министрі:
«Салынған кешендер шынымен де спорт нысандарының жетімділігі бойынша ахуалды жақсартқанын айтқым келеді. Бірақ бұлар құны қымбат жобалар екенін айту керек. Шаруашылық тұрғыдан жабдықтауға үлкен қаржы керек. Олардың кейбірі тұрғындары көшіп жатқан келешегі аз елді мекендерде салынып кеткен. Соның салдарынан кейбір кешендер толық қуатымен жұмыс істеп тұрған жоқ. Ғимараттардың құрамында мақсатына сай қолданылмайтын алаңдар бар»

Мәселені шешуге министр жылдам бой көтеріп, шығыны аз нысандар салуды ұсынды. Айта кетерлігі, облыста 72 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. Аталған спорт мекемелерде 51976 спортшыларымен 1450 жаттықтырушы 2022 жылға бекітілген жоспарға орай жұмыс жасауда.

Tags: Turkistanzaman.kzСпорт алаңдары тапшы
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда жасөспірім қыздардың 60 пайызы темекі шегеді

Келесі жаңалық

"Шенеуніктер кабинетінен шығып, халықпен кездесу керек!"

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

10 мая, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады
Аймақ

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

17 марта, 2025
Келесі қысқы Азия ойындарын қабылдайтын қала анықталды
Спорт

Келесі қысқы Азия ойындарын қабылдайтын қала анықталды

20 февраля, 2024
Түркістандық қыздар баскетболдан ел чемпионы атанды
Спорт

Түркістандық қыздар баскетболдан ел чемпионы атанды

14 ноября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

“ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ” АТТЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

21 мая, 2025

СОЗАҚТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

21 мая, 2025

ШАРДАРАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТА ЖАСТАР СЛЕТІ ӨТТІ

21 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖӘНЕ САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

21 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

21 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 16 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

21 мая, 2025

ТҮРКІСТАНДА ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ «WOOSONG» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

21 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

21 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20 мая, 2025
Келесі жаңалық
«Шенеуніктер кабинетінен шығып, халықпен кездесу керек!»

"Шенеуніктер кабинетінен шығып, халықпен кездесу керек!"

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

saqnews.kz
19 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz