4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Билік

Прокуратура: Қайрат Құдайберген тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды

Алматы қаласы прокуратурасы депутат әрі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің қамауға алынуының себебін түсіндірді. Ресми хабарламада Құдайберген халықты «Дикий Арманның» маңына жиналуға үгіттеген. Оның жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы «Қазақстан» қонақ үйінен алынған видеолардан және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденіпті. Айта кетсем, бүгін депутат Қайрат Құдайберген ұсталғаны туралы ақпарат тарап, оны Бас прокуратура растады. Оған қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылып отыр.

Алматы қаласы прокуратурасы:
«Алдын ала тергеумен Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен, яғни «Дикий Арманмен» бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Джумагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды».

Сондай-ақ ведомство таратқан мәлімдемеде Қайрат Құдайберген мен Жұмагелдиев, ДИКИЙ Арманның маңына жиналуға, алаңда жедел штаб ұйымдастырып, билік алдында талаптар қоюға тырысқандығы айтылған.Алматы прокуратурасы Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған митинг зорлық-зомбылық пен жаппай төбелеске ұласты дейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *