4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Аймақ

Петропавлда 24 қыркүйекте жылыту маусымы басталады

Петропавл әкімі Руслан Анбаев жылыту маусымын бастау жайында қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда жылыту маусымы 24 қыркүйекте басталады. Бұл туралы қала әкімі Руслан Анбаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

«Петропавл қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1109 қаулысы негізінде жылыту маусымы осы жылдың 24 қыркүйегінен басталады.

Бірінші кезекте жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға – балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, емханаларға және т.б. беріледі. Екінші кезекте көпқабатты үйлер қосылады.

Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелді», – делінген жазбада.

Бұған дейін қала әкімдігі жылыту маусымы 20 қыркүйекте басталады деп хабарлаған еді. Алайда ауа температурасының 20-26 градусқа дейін көтерілуіне байланысты ол кейінге қалдырылды.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, шаһарда орталық жылумен жабдықтау жүйесіне 4,5 мың ғимарат қосылған. Соның 1115-і – көппәтерлі баспана. Жылу энергиясымен тұрмыстық сектордың 71 мың абоненті және 2,3 мың заңды тұлға қамтылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *