4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Білім

Павлодарда тағы бір қазақ мектебі ашылады

Облыс орталығындағы Сарыарқа шағын ауданында таза қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылады деп хабарлайды BAQ.KZ.  Білім ордасына қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың есімі берілген. Қазіргі уақыттта оқушылардың құжаттары қабылданып жатыр. Математикалық бағыттағы мектеп-лицейі 650 орынға шақталған. Бүгіннің өзінде 600-ден астам ұл-қыз осы жерде білім алуға ниет білдіріпті. Павлодар қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Қыдыралиннің айтуынша, мектепте физика, химия, математика, биология, география пәндері тереңдетіліп оқытылады. Ал жаңадан келетін педагоигкалық ұжымға қатаң талаптар қойылмақ. Бала қабылдауда шағын ауданның тұрғындарына басымдық беріледі. Сол ауданның үш баласына бір өзге ықшам ауданның оқушысынан келеді. Бүгінгі таңда жаңа мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің құжаттарын қабылдау процедуралары анықталды. Оқушыларға сапалы білім беру үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Нысан мамандандырылған кабинеттер, құралжабдықтар, өзге де оқу құралдарымен қамтылады. Сонымен қатар, психологиялық жеңілдену, робототехника, бизнес және кәсіпкерлік, мамандық бойынша бағдарлау кабинеттері қарастырылған, – дейді Қуаныш Қыдыралин. Бұл – Павлодардағы мемлекеттік тілде оқытатын оныншы мектеп болмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *