Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша дауыс берді», — деп жазды баспасөз хатшысы Twitter-де.
Айта кетейік, референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?». Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек.