4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Uncategorized

Мың адамға – бостандық: оған кімдер ілікпек?..

     Мәжілісмендер «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Енді мың адам бостандыққа шығады. Бұл ізгілікті іс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жүзеге аспақ.

Бүгінде Қазақстандағы 64 түзеу және 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар екен. Оның 30 мыңына сот үкімі шыққан. Қалған 4 мыңына қатысты тергеу жүріп жатыр. 93 пайызы – ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін жазасын өтеушілер. 45 пайызы – осыған дейін істі болғандар. Тағы 32 мың адам пробациялық бақылауда. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелет жасына толмағандарға, 1-2 топ мүгедектеріне және қоғамға зияны болмайтын өзге азаматтарға қолданылады.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі Істер министрі: 

«Жоба бойынша 2236 сотталушыға, 11 310 пробацияда тұрған адамға рақымшылық жасалынады. Нәтижесінде 1000 адам бостандыққа шығады. 3818 адам пробациялық бақылаудан босатылады. Екіншіден, 1294 сотталушыға, 7492  пробацияда тұрған азаматтарға жаза мерзімі қысқарады».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *