4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Мәдениет

Музей қоры бір байып қалды

   «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық-музейі 30-ға жуық жаңа жәдігермен толықты. «Музейге сый» акциясы барысында тұрғындар өз үйлерінде сақтап келген тарихи дүниелерді мұражай қорына салтанатты түрде тапсырды. Игі іске тілшіміз Назым Қайратқызы куә болып қайтты.

Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Қазір біз қолданатын заттар ертеңгі ұрпақ үшін таңсық дүние, өткен күннен хабар берер құнды жәдігер. Қала тұрғыны Мәдина Ахметова қолданылып келе жатқанына кемі екі ғасыр болып, бірнеше буын дәм татқан екі табақты музей қорына табыс етті.

Мәдина Ахметова, қала тұрғыны:

«Енемнің көзі ғой» деп мен ұстауым мүмкін бұларды, бірақ кейінгі ұрпақ оның қадірін білмейді-ау әрі ел-жұрт та көрсін деп музейге өткізгелі отырмын. Мен келін боп түскенде атам ылғи осы легенге қамыр салғызушы еді. Оның не қасиеті бар екенін білмеймін, бірақ әйтеуір тамақ оңайлықпен суымайтын».

Музей 1978 жылы небары 300-ге жуық жәдігермен құрылса, қазір олардың саны 24 558-ге жеткен. Ал аталған акцияның арқасында оған тағы біраз діни кітап, қолжазба, зергерлік бұйым мен қыш ыдыс, алаша-кілем секілді 30-ға жуық құнды дүние қосылған.

Мұрат Тастанбеков,  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары:

   «Қорық музейдің қорында археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық және жазба бөлімдері қызмет атқарады. Бүгін осы 4 бөлімге де қатысты дүниелер келіп түсті. Бұл – біз үшін зор қуаныш, мол табыс».

    Экспонаттар қорық аймағындағы 6 музейдің қор сақтау бөлмелеріне орналастырылады. Мұражай қызметкерлері қабылдап алған жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтауға уәде берді.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *