4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Мәдениет

Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблі жаңа құраммен өнер көрсетеді

Мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің құрамы өзгереді, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл желтоқсанда «Гүлдер» ансамблін қайта жасақтап, таныстыру жоспары бар. Бүгінде қазақ хореография академиясының түлектері арасынан талантты жастарды алып жатырмыз. Сонымен қатар музыканттар да бар. Елорданың белді әншілері «Гүлдер» ұжымына қосылып жатыр. Бұл ұжымнан Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова секілді танымал әншілер шықты. Олар өнер жолын осы «Гүлдерден» бастаған. Жаңа құрамда Әmre, Рухия Байдүкенова секілді жас әншілер болады деп жоспарлап жатырмыз», – деді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, брифингте халық Роза Бағланованың 100 жылдығына орай туған жері Қызылорда облысында бірнеше концерт өтетіні хабарланды.

Концерттік тур 28 қыркүйекте басталады.

Айта кетсек, «Қазақконцерт» ұжымы гастрольдік сапармен ел аралап концерт бермек.

Сондай-ақ, аталған ұжымның ұйытқы болуымен жаз бойы астаналық балалар тегін кино көру мүмкіндігіне ие болды.

Одан бөлек, өнерге жақын ерекше балаларды қолдауға арналған «Арман асулары» атты жаңа жоба қолға алынғанын хабарлаған едік.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *