4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Қазақстан

Маңғыстау облысының тұрғыны вакцина салдырып екі бөлмелі пәтер ұтып алды

Маңғыстау облысының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, пәтер ұтып алды. “Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал” науқанының жеңімпазы – Қайрат Қосаев есімді азамат, деп хабарлады Sputnik.kz.

Mangystay Media мәліметіне сәйкес, Қайрат Қосаевтың Түрікменстаннан көшіп келгеніне 10 жылдай болған. Ақтауда нағашыларының үйінде тұрған. Ата-анасы да Түрікменстаннан көшіп келуді жоспарлап отыр.

Жеңімпаздың айтуынша, вакцинаны ұтыс үшін емес, өз денсаулығы үшін салдырған.

“Бұған дейін ештеңе ұтып көрмеген едім. “Ұттың” деп хабарласқан кезде сенбедім. “Шын ба?” деп нақтылап сұрадым. Көпшілікпен жұмыс істейтін болғандықтан өз еркіммен емханаға барып вакцина салдырдым. Бәріне жұғысты болсын. Ауырмайық”, – деді Қайрат Қосаев.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *