4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Қазақстан

Мақтаарал ауданында К-19 каналына су сорғыш орнатылып, құбырлар тартылуда

Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округінде К-19 каналына су сорғыш орнатылуда. 1957 жылы салынған канал 4200 гектар жерге 4 м3/сек ағын су таратады. Достық магистралды каналы арқылы су алатын К-19 каналының ұзындығы 11,93 км-ді құрайды. Канал толығымен монолитті темірбетонмен қапталған.
Айта кетейік, К-19 каналы жоғары орналасуына байланысты егістік алқаптарын суғаруға қажетті су көлемі жетіспеушілігі мәселесі талай жылдан бері туындап келеді. Жергілікті тұрғындар бұл мәселе жөнінде аудан әкімінің қабылдауына кіріп мәселені шешіп беруді сұраған болатын.
Аудан әкімінің тапсырмасымен бұрын орнатылған дизельдік су сорғыштардың жарамдылығы анықталып, тез арада электрлі су сорғыш қондырғысын орнату және электр энергиясымен қамтамасыз ету қажет деп танылған. Мәселені шешу үшін каналға қуаттылығы 0,8 м3/сек 4 дана электрлі су сорғышын орнату керек. Кейіннен электрлі сорғыш орнатуға 1,6 гектар жер телімі бөлініп, “Қазсушар” РМК ТФ тарапынан мемлекеттік акт жасалған. Бүгінгі таңда қуаттылығы 0,5 м3/сек 2 дана электрлі су сорғыштарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, К-19 каналына ағын суды жеткізіп беруге d=500 мм құбырлар тартылуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *