Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Келесі жылдан бастап мектеп формасына қойылатын талаптар қалай өзгереді

Келесі жылдан бастап мектеп формасына қойылатын талаптар қалай өзгереді
29 июля, 2022
in Білім, Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS

2023-2024 оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріске ұшырайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған өзгерістер жобасы ҚР Оқу-ағарту министрінің тиісті бұйрығында көрініс тапқан. Ведомствоның дерегі бойынша, бұл бұйрық келесі, яғни 2023-2024 оқу жылында күшіне енуі тиіс. Сонымен, мектеп формасына қойылатын жаңа талаптар мынадай: 1. Қазіргі талап бойынша қ ыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс. Ал жаңа редакцияда классикалық жейденің орнына түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер) кию талап етілмек. Қалған талаптың бәрі өзгеріссіз қалады. 2. Қолданыстағы талап бойынша мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және басқа) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады. Жаңа редакция: Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және басқа) орналастыруға рұқсат етіледі. 3. Қолданыстағы талап бойынша, білім саласына жауапты жергілікті басқарма, бөлімдер ата-аналарға мектеп формасын сатып алуға болатын отандық өндірушілерді ұсынады. Жаңа редакцияда бұл тармақ қалғанымен, қандай өндірушінің формасын алу керектігін әр ата-ана өзі шешеді. Білім басқармасының немесе бөлімінің форма түсіне қатысты ұсынысын ғана ескеруі керек. «Мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын алуда тәуелсіз. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады», — деп жазылған толықтыруда. Сондай-ақ, бұйырқтың жаңа нұсқасында «қоғамдық кеңес» ұғымы нақтыланған. Яғни, қоғамдық кеңеске мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі жататыны айрықша атап көрсетілген. Бұл кеңес мектеп формасының түсін, фасонын таңдауға және юбканың ұзындығын айқындауға қатысады, білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесін талқылауға араласады. Бұған дейін де министрлік ата-ана мектеп формасын еркін таңдай алатынын айтқан болатын.

️

Tags: мектеп формасы
Алдыңғы жаңалық

Бала бір жасқа толғанша төленетін жәрдемақы 1,5 жылға дейін ұзаруы мүмкін

Келесі жаңалық

"Қазақтелеком" Kcell ресейлік компанияға сатылуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025
ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025
АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025
АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
«Қазақтелеком» Kcell ресейлік компанияға сатылуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді

"Қазақтелеком" Kcell ресейлік компанияға сатылуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz