Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

Келген қонақ әжетін шығара алмаса…

17 ноября, 2021
in Әлеумет
0
0
SHARES
58
VIEWS

Түркістанның басты туристтік орындарының бірі — Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңы биыл ғана толықтай жөндеуден өтіп, келушілерді қызықтыра түсті. Алайда киелі орынды тамашалауға келгендер әжетхана таппай әлек. Мәселеге әкімдіктің әлі күнге неге атүсті қарап отырғаны түсініксіз. Мәселені Алтынбек Әмит анықтап көрді.

Түркі жұртын қызықтыратын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында да бірде-бір талапқа сай келетін дәретхана жоқ. Біз сұхбат алған туристердің көбі осылай шағымданады. Осының кесірінен рухани астананы тамашалауға келген қонақтар әжетхана іздеп сандалуға мәжбүр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

«Әжетхана іздеп жүргеніме бірәз болды. Әлі таппадым…»

«Ана жер, мына жердің барлығын көрдік. Бірақ барлық дәретхана жабық…»

Атқамінерлер мәселені шешуге асықпайтын секілді. Айтуларынша дәретхана сенімгерлік басқаруға өтуі керек екен. Ал, ол жұмыс едәуір уақытты талап етеді. Қала әкімінің БАҚ өкілдеріне есеп беру жиынында да бұл проблема көтерілді. Әжетхананың жыры әбден шаршатқан ба, әйтеуір Нұрбол Тұрашбеков сұрақ қойған журналистке атүсті жауап берді.

Нұрбол Тұрашбеков, қала әкімі:

«Бұл мәселемен айналысып жатырмыз…»

Әзірге әжетхана іздеп сабылған туристерді Сапар орталығы құтқарып тұр. Дегенмен ол да мыңдаған келушіні қабылдауға қауқарсыз.

Өткір Амангелдіұлы, Сапар орталығының директоры:

«Екінші қабаттағы әжетханалар қызметкерлерге арналған. Ал астынғы қабатқа туристер келеді. Онда дәрет алуға да жағдай жасалған…»

9 айдан бері Түркі жұртының астанасын көруге миллионнан астам турист келген. Қаладағы 11 киелі, 6 рухани-мәдени нысан мен 4 туроператор келушілерге өз қызметін ұсынуда. Алайда, дәретхананың дауы жақын арада шешілмесе, туризм саласы үлкен сынға ұшырауы мүмкін.

Tags: Нұрбол ТұрашбековтуризмТүркістанәжетхана
Алдыңғы жаңалық

Екі мыңдай ауыл ауыз сусыз отыр

Келесі жаңалық

Тегін салдырмаған екпеге енді талас басталды...

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Аймақ

Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады
Аймақ

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Тегін салдырмаған екпеге енді талас басталды...

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz