4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Әлеумет

Карьерге құлап көз жұмды

Шымкентте 15 жастағы жасөспірім карьердегі суға құлап көз жұмды. Оқушының денесін туыстары мен достары құтқарушы сүңгуірлердің көмегімен әрең тауып алған. Қайғылы оқиға түс кезінде болған. Жасөспірім қасындағы достарымен бірге келе жатып, сүрініп кетіп, құм мен шағал тас алынған карьерге құлап кеткен. Көлшік терең болғандықтан жүзіп шыға алмағанға ұқсайды. Достары да дер кезінде көмек бере алмаған. Шақырту бойынша жедел жеткен құтқарушылар жасағы оның денесін іздеп табуға біраз уақыт жұмсады. Карьер жұмысын тоқтатқанына біраз уақыт болған. «Бірінші Қайтпас» шағынауданындағы бұл аумақтан осы кезге дейін құм мен шағал тас алынған. Осы оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар департаменті құзырлы орындарға арнайы тапсырма берді. Бұл аумақ қоршауға алынып, шомылуға тиым салу туралы белгі орнатылмақ. Қайғылы оқиғаның мән-жайын қазір полиция анықтау үстінде. Сот медициналық сараптамасы жүргізіледі. Бұл биыл суда болған алғашқы қайғылы жағдай. Ал былтыр Бадам өзені бойында екі адам суға кетіп, көз жұмған еді.

Нұржан Қаракөзев – Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:
«Судағы іздеу құтқару жұмыстары 18-20 минут жалғасқан. Ары қарай мәйіттің денесі шығарылған соң ата-анасына табысталып, қазіргі таңда Қаратау аудандық полиция департаменті тергеу тексеру жұмысын жүргізуде».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *