4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Әлем

Иран телеарналары Елизаветаны “ең қауіпті қылмыскер” деп атап, Гитлерге теңеді

Иранның мемлекеттік телеарналарында патшайымды “адамзат тарихындағы ең қауіпті қылмыскерлердің бірі” деп атады және оны Адольф Гитлермен салыстырды, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем қазір тарихтағы ұлы тұлғалардың бірі қаза тапқанын өкінішпен жазып жатқанда, Иран арналары мұны “жақсы жаңалық” деп мәлімдеді. Журналистер Елизаветаның қазасы – авторитарлық режимнің нүктесі” және “қылмыс пен жасырын әрекеттердің аяғы” деді.

Иранның Сыртқы істер министрлігі Елизавета патшайымының қайтыс болуына немесе Чарльз III-дің билікке келуіне қатысты түсініктеме берген жоқ , ал мемлекеттік телеарналар оның құйтырқы әрекеттері туралы пікірлер таратуда.

Иранның 1-арнасында Тегеран университетінің ғалымы Фоад Изадиде пікір білдірді.

“Патшайымды тірі кезінде Гитлермен бір тізімге енгізу керек еді. Бұл адамның дүниеден озуы біз үшін қайғылы жағдай, өйткені ол сотсыз, жазасыз, қылмыстарына жауап бермей кетіп қалды” – деді ол.

Ағылшын тілді мемлекеттік арна PressTV-де патшайымды әйгілі империалист, колонизатор, әскери қылмыскер, агрессор деп атады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *