4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлем

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Қытай халықаралық баспасөз орталығының 2022 жылғы бағдарламасына қатысып жатқан журналистер Шэньси провинциясындағы ауылдық округтерді аралап, Чанъань ауылындағы шай плантациясында болды, деп хабарлайды turkistanzaman Baq.kz тілшісі.

Аспан асты еліндегі шай плантациялары да туристер баратын әдемі жерлердің біріне айналған. Бұл ретте шетелдік БАҚ өкілдері Шэньси провинциясына ұйымдастырылған баспасөз турында Қытай шайының қалай өндірілетінін көрді.

Журналистер Чанъань ауылындағы шай плантациясына барып, шай өндірісімен айналысатын зауыттың бірінде болды.

Чанъань кентінің ауданы 227 шаршы шақырым, халық саны 20 510 адам. Мұнда шамамен 5 857 үй бар. Ауыл тұрғындары негізінен шай және бес жапырақты гиностемма өсірумен айналысады. Ауыл аумағында шамамен 1,4 мың гектар экскурсиялық шай плантациясы салынған. Мұнда жасыл, сары, ақ және қара түсті сорттарды өсіретін шай сусынының 67 ірі шаруашылығы, 18 шай өңдеу зауыты, орталық, провинциялық және қалалық деңгейдегі 12 жетекші кәсіпорын, сондай-ақ провинциялық және муниципалды деңгейдегі 8 шай сусынының өнеркәсіптік паркі бар. Олардың ішінде 5 кәсіпорын шай өнімдеріне ЕО сертификатын алған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *