4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Аймақ

“Зорлықпен өлтірілген”: Оралға жақын жердегі қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды

Круглоозерное ауылы маңындағы қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды. , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция бұл ақпаратты растады.

“Зачаганск полиция бөлімінің байланыс орталығына мәйіт табылды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр”,- деп хабарлады полицейлер.

Кейіннен БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 21 қыркүйек күні сағат 19:05-те Оралға қарасты Круглоозерный кенті шетінде болғанын мәлім етті.

“Қоқыс арасынан зорлықпен өлтірілген азиат пішіндес, жасы 30-35-тердегі ер адамның мүрдесі табылды. Кейін оның Казталов ауданының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Көп ұзамай осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен 1999 жылғы тұрғын ұсталды. Қазіргі кезде аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, деп хабарлады ведомстводан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *