4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Білім

Жоғарғы оқу орындарында өзгерістер енгізіледі

Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды turkistanzaman  BAQ.KZ тілшісі.
Министрлік жаңа оқу жылының басталуына дайындық жұмыстарын жүргізеге асырып жатыр. Біріншіден, жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына ЖОО-лардың академиялық еркіндігін одан әрі кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарына кадрларды даярлау бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беретін пәндер циклінің бірқатар пән мазмұнына дербес өзгерістер енгізіледі. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің орнына «Қазақстан тарихы» пәні енгізілді, – деді Саясат Нұрбек.
ЖОО практик-мамандар мен топ-менеджерлерді студенттер мен магистранттардың дипломдық және зерттеу жұмыстарын басқаруға тарта алады.Екіншіден, бұл-білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру. Бүгінде жоғары оқу орындары еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірледі. Олардың саны 262-ге жетті. Түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту және жаңа қауіптерге бейімдеу үшін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары арқылы нанодеңгейі мен микробіліктілігі енгізіледі, – деді ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *