Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлем

Жойқын дауыл бір қаланы жермен-жексен қылды

14 декабря, 2021
in Әлем
0
0
SHARES
45
VIEWS

АҚШ-тың Кентукки штатындағы дүлей дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 100-ден асып түсті. Барлығы фабрика жұмысшылары. Дауыл кезінде үйінді астында қалған. Президент Джо Байден төтенше жағдай жариялады. Дауыл эпицентріне айналған Мэйфилд қаласы толықтай жермен-жексен болды.

Рождество кезінде әдеттегідей тапсырыс көп болғандықтан, шырақ шам шығаратын фабрика жұмысшылары күн демей, түн демей жұмыс істеген. Сондықтан, дауыл түн кезінде болса да, фабрикада көп адам болыпты. Өкінішке орай, оның тек 40-ын ғана құтқарушылар лезде шығарып үлгерген. Алғашында қаза тапқандар саны 50-ге жуық деген мәлімет келтірілгенімен, үйінді астында одан да көп адам жатқаны белгілі болды.

Энди Бешир, Кентукки штатының губернаторы:

«Фабрика ішінде 110 адам болған. Өкінішке орай, алғашында жұмысшыларды шығаруға бағытталған құтқарушылар саны бар болғаны 40 адам болды. Дегенмен, қазір Ұлттық гвардия сарбаздары көмектесуде. Құтқарушылар әлі де қаза болғандардың денесін үйінді астынан шығаруда. Қазір бүкіл Америкадан 2,3 млн доллар қаражат жиналды. Осы ақшаның әр центі қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына беріледі».

Кәсіпорын аман қалған қызметкері Отем Киркс қирағалы жатқан дәлізден қалай қашып құтылғанын өзі де түсінбей қалған. Ал, Отемнің сүйіктісі Ланнис Орд сол жерде жан тәсілім етті. Дегенмен, дәлізден қашып шықса да, үстіне қабырға құлайын деп жатқан жерден тағы бір қызметкер Отемді шығарып алған.

Отем Киркс, кәсіпорын қызметкері:

«Дабыл соғылғанда бас сауғалауға мүлдем уақытымыз болмады. Басшылық торнадо болады дегенде бізді бірден үйімізге қайтару керек еді. Кейбір жұмысшылар ескертуден кейін қайтып кетті. Бір сәт ішінде ғимарат жермен-жексен болды. Барлықтарың қашыңдар деп рациямен хабар бергенде адамдардың үстіне қабырғалар құлай бастады. Ланнистен айырылғанымды білгенімде, мен де сол жерде болуым керек деген ой жанымды жегідей жеп барады».

Мэйфилд қаласы толықтай дауыл кесірінен астан-кестен болғандықтан, тұрғындарға арнап, лагерь тұрғызылды. Қала тұрғындары бір мезетте бар мүліктерінен айырылып отыр. Жүздеген адам лагерьге де сыймай шіркеуден пана іздеуге мәжбүр болған. Олар, дауыл болған Мэйфилдтен, Уинго қаласына дейін барған. Олардың айтуынша, қала қарулы қақтығыс кезіндегіге ұқсап тұр. Себебі, барлық ғимараттың сау-тамтығы қалмаған.

Рональд Хейс, Мэйфилд тұрғыны:

«Менің пәтерім де, оның ішіндегі барлық мүліктерден айырылдым. Көлігім де үйінді астында қалды. Менің көршілерім де барынан айырылды. Қатты дауылды естіп, дәлізге шыққанымда адамдардың жерге құлап жатқанын байқадым. Адамдар жылап, дұға оқып жатты. Әрең дегенде аман қалдық. Соған да шүкір».

Барлығы штатта, 4 дүлей дауыл соққан. Оның біреуі ұзаққа созылып, жылдамдығы сағатына 322 шақырымға жеткен. Ондаған мың адам жарықсыз қалған. Дүлей дауыл Арканзас, Иллинойс, Индиана, Миссури Миссисипи, Огайо мен Тенниси штаттарында да болған. Бірақ ең қатты зардап шеккен Кентукки штаты.

Tags: ақшдауылКентуки штатыМэйфилд қаласыторнадо
Алдыңғы жаңалық

Шаруалар мал азығын қарызға алуға көшті

Келесі жаңалық

Тапа-талтүсте өрт шықты

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

13 мая, 2025
Өзбекстанда да жер сілкінісі болды
Басты жаңалықтар

Өзбекстанда да жер сілкінісі болды

5 марта, 2024
Қазақстан

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

17 октября, 2022
Әлем

2023 жыл ТМД-да орыс тілі жылы болып жарияланбақ

14 октября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

Тапа-талтүсте өрт шықты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz