4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Қазақстан

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы: Бүгін тағы 10 млрд теңге бөлінді

Автокөліктерді жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасына тағы 10 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» мәлім етті.

Аталған бағдарламаға жоспар бойынша 100 млрд теңге қарастырылған. Алғашқы 90 млрд теңге осыдан үш ай бұрын бөлінді.

Қор дерегінше, 4 пайызбен берілетін автонесие бағдарламасына қатысушы «Еуразиялық банкке» – 35 млрд, «Банк Центр Кредитке» – 27,5 млрд, «Халық банкке» – 22,5 млрд және «Forte Bank»-ке 15 млрд теңге бөлінген.

«Бүгін қалған 10 млрд теңге бөлінді», – делінген ұсынылған мәліметте.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *