Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

«Жасыл статусы» жоқтарға бүкіл есіктер тарс жабылмақ

29 декабря, 2021
in Денсаулық
0
0
SHARES
28
VIEWS

Жаңа жылдан бастап жасыл статусы жоқ азаматтар тырп ете алмай қалғалы тұр. Бүгінгі Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаевтың мәлімдемесі осыны аңғартты. Бас дәрігердің мұндай шешіміне әлемдегі эпидахуалдың ушығуы себеп болғанға ұқсайды. Жаңа ереже төрткүл дүниені алаңдатқан «Омикрон» штамының тез таралуына тоқтам болады дейді. 

Түркістан облысында жалпы 15 мыңға жуық азамат короновирус жұқтырған.  Олар ашық жүйесінде қызыл статуспен белгіленеді. Ал, сары статустағы, яғни науқаспен байланысқандардың саны тіптен көп. Ауырмаған, вакцина салдырмағандарға көк статус тән. Сырқаттанғандар емделіп шыққан соң статусы өзге түске автоматты түрде өзгереді. Әйткенмен жұқпалы дертке шалдыққанын ескермей, аяғын алшаң басып жүргендер әлі де кездеседі екен.

Нұрбек Нышанов, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

«Өкінішке қарай, бізде бірнеше рет заң бұзушылыққа барған кісілер бар. Қазіргі таңда облыс көлемінде 229 адамға штраф салдық. 10 млн теңгеден астам қаржы мемлекеттік бюджетке өндірілді. Ал, сары статустағылар бас санитарлық дәрігердің қаулысымен 14 күн оқшаулануы тиіс». 

Жаңа жылдан соң ереже қатаңдай түспек. Яғни енді «Ашық» жүйесінде жасыл статусы жоқтар:

сауда-ойын орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда нүктелеріне;

—        Фитнес, йога, спорттық-сауықтыру орталықтарына;

—        Караоке;

—        Бассейн;

—        Сауна, монша;

—        Банктерге;

—        «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне;

—        Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге тыйым салынады.

Жандос Бүркітбаев, ҚР денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы:

«Бұл коронавирустың алдын алу бойынша қабылданған қосымша шара. Жаңа ереже 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап іске асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар вакциналау мен ревакциналау жүргізу эпидахуалдың ушықпауына себеп болады деген сенімдеміз».

Айта кетейік, қазір Қазақстандағы тиісті халықтың 80 пайызы екпенің бірінші дозасын қабылдаған. Екі дозаны салдырғандардың үлесі 75 пайызға жуықтайды. Үкімет басшысы 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында 9 млн. адамды ревакцинациялауды тапсырды.

 

Tags: "Омикрон"ашық қосымшасывакцинацияпандемия
Алдыңғы жаңалық

Келелі кеңес отырысы өтті

Келесі жаңалық

Балалар мен қарттардың несібесін аямай «жеген»...

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
Денсаулық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

17 октября, 2022
Денсаулық

Елде жыл сайын 5000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

14 октября, 2022
Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады
Денсаулық

Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады

22 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025
Келесі жаңалық

Балалар мен қарттардың несібесін аямай «жеген»...

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz