Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

Жарты ғасырдан бері ауыз су азабын тартып келеді

18 ноября, 2021
in Әлеумет
0
0
SHARES
31
VIEWS

Түркістан облысы  Жетісай қаласында су жүйесі әбден тозған. Шіліңгір шілдеде тұрғындар тіпті қаталап шөлдейді десе де болады. Себебі көпқабатты үйлерге айлап су берілмей қалатын кездер де болады. Мәселені толығырақ Әлия Мұхтарқызы тарқатады.

Жетісай қаласының су жүйелері өткен ғасырдың 60 жылдары 20 мыңдай тұтынушыға есептеліп салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмегендіктен,  құбырлар тесіліп, су азайып кеткен. Халық саны екі жарым есеге көбеюіне байланысты су сорғылары да істен шыға бастаса керек.

Берік Мәмбетов, Жетісай аудандық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

«Көпқабатты тұрғын үйлерге дәл қазір су жеткізіп бере алмай отырмыз. Себебі біздегі тұрған насостардың қысымы төмен. Биыл шілде айында жерасты суларының тартылуына байланысты наостарымыз күйіп кетті».

Осы проблеманы ескерген  жергілікті  билік биыл ескі су жүйелері мен құбырларды жаңартуды қолға алды. Республикалық бюджеттен бөлінген 695 млн теңгеге 200 мыңға жуық шақырым ауыз су құбырлары тартылып, сыйымдылығы 2600 текше метр болатын 2 су торабы  салынуда. Қосалқы станса мен 2 су көтергіш стансасы да іске қосылмақ. Өз кезегінде жылдар бойы тіршілік нәрінен тарыққан жұрт бұл жұмыстарға ризашылығын білдірді.

Сатылхан Өтеулиев, Жетісай қаласының тұрғыны:                           

«Отыз жылдан бері суды көршілерден тасып ішетін едік. Жаздың күні суды көп талап ететін кезі, қыстың күні қиналсақ та тасып ішетін едік. Енді қазір су тартып жатыр. Үкіметке рахмет, жақын арада су келіп қалатын шығар деп күтіп отырмыз»

Ауқымды жобаны жүзеге асыруға  бас-аяғы 3 млрд теңге жұмсалмақ. Қалған қаражат келер жылы бөлініп, 2023 жылы қала тұрғындары толықтай «Абай» топтасқан су жүйесімен қамтылады деп күтілуде. Аудан басшылары болса қазір елдімекендердегі  ауыз су проблемасы  да кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын айтады.

Мұрат Қадырбек  Жетісай ауданының әкімі:                                                                              

«7 елдімекені экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған шалғайда орналасқан. Биыл жергілікті бюджеттен біз 8 ауылдық округке су жүйелерін жөндеу үшін 200 млн теңгеге жуық қаржы бөліп, бүгінгі күні ол жұмыстарды жүргізіп жатырмыз»

Жалпы аудандағы 113 елдімекеннің бүгінде 103-іне орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылған. Санитарлық аймақтарында 80-нен астам ұңғыма істеп тұр. Өзгелерінде ескі су жүйелері жаңартылып, тозығы жеткендері толығымен ауыстырылуда.

Tags: ауызсуЖетісай қаласықұбырлар
Алдыңғы жаңалық

Су жаңа үй тұрғындары суықта бүрсең қағып отыр...

Келесі жаңалық

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте тұрып жатыр

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ НАУҚАН БАСТАЛДЫ
Басты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ НАУҚАН БАСТАЛДЫ

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

25 ноября, 2025
Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Аймақ

Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

18 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте тұрып жатыр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz