4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН
Қазақстан

Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионы атанған Қытай қызын жеңді

Шахматтан Дүниежүзілік онлайн олимпиадада отандасымыз Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан онлайн додаға әлемнің 160-тан астам елінен 1500-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Екі кезеңнен тұратын турнир арнайы ойын платформасында ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынайды.

Әр команда құрамында алты ойыншы болу керек. Әр партияға 15 минут және әр жүріске 5 секунд беріледі. Қазақстан жоғары дивизионда бәсекеге түсіп жатыр. Біздің топта Қытай, Румыния, Индонезия, Грузия, Моңғолия, Греция, Иран, Австралия, және Армения бар. Әр топтан екі команда финалға шығады.

Бүгін Қазақстан шахматшылары Қытаймен кездесіп, жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Жансая Әбдімәлік 27 жастағы қытайлық, 4 дүркін әлем чемпионы Хоу Ифаньнан басым түсті. Қытай қызы 2010, 2011, 2013, 2016 жылдары әлемнің үздігі атанған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *