Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Екі бірдей ескі мектеп жаңаратын болды

8 ноября, 2021
in Білім, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
24
VIEWS

Түркістан облысында 78 жаңа мектеп салынуда

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Мақсат — ауданның тыныс-тіршілігімен танысу және «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын саралау.

Өңір басшысы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте болды. Саманнан салынған ескі мектеп жөндеу жұмысын қажет етеді. Бұл мәселе жөнінде Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың ұсыныс-пікірі тыңдалды. Мектептің құрылыс жұмысына облыстық бюджеттен қолдау керек екені айтылды. Жаңа мектептің құрылысы бойынша тиісті жұмыстар келер жылы басталатын болды.

Сонымен қатар осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын бой көтерген Т. Әлімқұлов атындағы ескі мектептің орнына жаңа білім ұясы салынбақ.

Облыс әкімінің ауданға жұмыс сапарында жалпы аудан көлемінде білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болып, жоспарлар пысықталды. Саладағы мәселелер талқыланды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев елімізде салынып жатқан 200 мектептің 78-і Түркістан облысына тиесілі екенін айтты. Бұл — бұрын-соңды болмаған жағдай. 2025 жылға қарай өңірде 130 мектеп салу жоспарланған. Бұл өз кезегінде өңірдегі апатты және үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді. Жалпы, облыста бүгінде алты апатты және төрт үш ауысымды мектеп бар.

Жыл соңына дейін Түркістан облысында 47 мектептің құрылысы аяқталмақ. Оның 17-сі 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. Оның ішінде 44 мектеп бюджет, үшеуі жеке инвестиция есебінен салынуда. Облыста қазір 927 орта білім беру ұйымы бар, онда биыл 500 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Созақ ауданында С.Қожанов атындағы мұражайдың құрылысы жүріп жатыр. Жаңа нысан Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылады. Тарихи тұлғаны ғана емес, тұтас өңірдің шежіресінен сыр шертетін мұражайдың маңыздылығына тоқталған өңір басшысы арнайы стенд арқылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы арқылы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Білім, мәдениет және денсаулық  сақтау салаларындағы жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар өңір басшысына Жеткіншек елді мекенінде  жерасты суының көктемде көтерілуіне қарсы атқарылған жұмыстар да таныстырылды.

Tags: іссапаркүрделі жөндеумектепСозақ ауданыӨмірзақ Шөкеев
Алдыңғы жаңалық

Кезек қантқа да жетті...

Келесі жаңалық

Ет асу мен палау басудан жарысты

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Ет асу мен палау басудан жарысты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz