Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Екпе іздеп шекара асуда

Екпе іздеп шекара асуда
9 февраля, 2022
in Денсаулық, Қоғам
0
0
SHARES
17
VIEWS

Ақылы екпені ала алмаған азаматтар шет елге сабылуға мәжбүр. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина алу үшін қазақстандықтар көрші Қырғыз Республикасына, Өзбекстанға, тіпті Түркия асуға тура келеді. Өткен жылы Файзер вакцинасы ақылы салынады деген ақпарат желдей есіп еді. Бұл жай қауесет емес экс министр Алексей Цойдың айтқаны. Алайда бұл уәде орындалмады.

Өткен жылдың шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Файзерге қатысты сын айтқан еді. Нақтырақ айтсақ, аталған препаратты жеткізу үшін 2 жыл бұрын тапсырма берілген болатын. Келісімге сәйкес, Файзер 2021 жылдың мамыр айында 2 миллион доза кіргізілуі керек. Бірақ уәде етілген дәрі-дәрмектер ел шекарасынан өткен жоқ.

Қасым–Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының президенті:

«Компания Қазақстанға деп бөлген Pfizer вакцинасын жеткізу орындалмады. Келісім бойынша, Pfizer мамыр айында Қазақстанға екі миллион дозаны беруді жоспарлағанын айта аламын. Үкімет бұл жоспардың іске аспай қалуын Pfizer қойған бірқатар талаппен байланыстырады. Президент әкімшілігі мен үкіметке мән-жайды анықтап, біздің нарығымызға қажет осы препараттың жеткізілуіне кесір тигізген лауазым иелеріне шара қолдануды тапсырамын».

Президент тапсырмасы тек өткен жылдың соңында орындалды. Қазақстан Файзердің 4 миллион дозасын сатып алды. Ал осы жылдың басында Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау комитеті қазір аталған екпенің 2 миллион 400 дозасы бар деп ресми мәлімдеді. Ал Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин бұл сандармен келіспейді. Себебі, бірқатар аймақтарда тек отандық екпе ғана қолжетімді.

Ғани Хамзин — ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

«Біздің азаматтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған екпелерге қол жеткізе алмай отыр. Вакцина елге уақытылы жеткізілмегендіктен шетелде білім алатын студенттер оқуына бармады. Ақылы түрде «Пфайзер» екпесін салдырту үшін көбі басқа мемлекеттерге аттануға мәжбүр. Мәседен, Алматы қаласы, Алматы және Түркістан облыстарында тек «Казвак» ғана бар. Қалғаны қашан әкелінетіні белгісіз. Бұл халық үшін көптеген ыңғайсыздық туғызып отыр».

Түркістан облысында пандемия басталғалы індеттің 18 375 жағдайы тіркелген. Өңірлік денсаулық басқармасының мәліметінше, комирнати екпесін салу көрсеткіші 80 пайызды құрап отыр. Ал 94 мыңнан аса адам екі дозасын да қабылдаған. Айтуларынша, облыста бірнеше екпе алуға мүмкіндік бар.

Алтын Досанова – Облыстық қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары:

«Вакцинацияға қарастырылған вакциналар отандық казвак бар. Және де синафарм. Файзер екіқабат әйелдерге, емізулі әйелдерге және жасөспірімдерге қарастырылған. Бүгінгі таңда вакцинацияға және ревакцинацияға толық вакциналар жеткілікті. Казвак вакцинамыз, синафарм және файзер. Ревакцинацияға спутник лайт та бар. Толық жеткілікті».
Шенеуніктер өткен жылдан бері Pfizer вакцинасын ақылы негізде алуға болатынын айтып келеді. Алайда оның қашан салына бастайтыны әлі күнге дейін белгісіз. Осының кесірінен қаңтар айында оқуға аттанатын «Болашақ» бағдарламасының студенттері көрші Қырғыз елі мен Өзбекстанға барып екпе алуға мәжбүр болған. Өйткені QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген жоқ

Tags: Turkistanzaman.kzЕкпе іздеп шекара асуда
Алдыңғы жаңалық

Жалғызбасты әке баспаналы болды

Келесі жаңалық

Құлдықта қор болған ғұмыр

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025
Шардара: «Ой-дода» интеллектуалды сайысы өткізілді
Басты жаңалықтар

Шардара: «Ой-дода» интеллектуалды сайысы өткізілді

2 июня, 2025
«Құмар ойын құрдымға апарады»: жастармен маңызды кездесу өтті
Басты жаңалықтар

«Құмар ойын құрдымға апарады»: жастармен маңызды кездесу өтті

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
Құлдықта қор болған ғұмыр

Құлдықта қор болған ғұмыр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz