4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Мәдениет

Димаш Құдайберген ҚР Президентімен қатар әлемнің ең ықпалды мұсылмандары тізіміне енді

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманы тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram-дағы DimashNews парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жылына бір рет шығатын «The Muslim 500» басылымына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, «Әл-Азһар» университетінің Бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен қатар, алғаш рет Димаш Құдайбергеннің есімі жазылды.

Жалпы, басылым жылына бір рет мұсылман әлеміне айтарлықтай ықпалы бар мәдениет, идеология, қаржы, саясат және басқа да билік саласындағы әлемдегі ең ықпалды 500 адамды анықтап отырады.

«Димаш (Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы) — әнші, көптеген әннің авторы және бастан сопраноға дейін кең вокалды диапазоны бар мульти-инструменталист. Ол Қытайдағы беделді әншілер шоуынан кейін бірден танымал болып, Қытайда, Ресейде және туған жері Қазақстанда барлық ірі әншілерге арналған сыйлықтарға ие болды, танымалдығы арта түсті. Ол елінде қайырымдылық ісімен де танымал. Туған қаласы Ақтөбеде таяуда оның атына арналған музей құрылғаны жарияланды», – деп жазады басылым.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *